Вашингтон қаласының мэрі ретінде Қазақстан елордасы Астана қаласын 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.
Ақмола шаһары 1998 жылдан бері Астана қаласы ретінде Қазақстан орталығына айналды. Бұл қадам Астананы Еуразияның жаңа халықаралық орталығы етіп, түрлі форумдар, конгрестер мен басқа да көптеген әлемдік жиын өтетін мекенге айналдырды.
Осы бір ерекше белесті кең көлемде атап өтумен құттықтай келе, келешекте елдің қарыштап дамитынына сенімдімін. Вашингтон қаласы тұрғындары атынан Астана қаласын 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.
Мюриел БАУЗЕР, Вашингтон қаласының мэрі